Шавкат Рахмоновтың командасы Майкл Моралестің шақыруына жауап берді
UFC-де жеңілмеген қазақстандық Шавкат Рахмоновқа эквадорлық Майкл Моралес жекпе-жек ұсынды. Darteam бұл мәлімдемеге әлеуметтік желіде үн қатты.
UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмоновтың командасы эквадорлық Майкл Моралестің шақыруына жауап берді. Darteam Instagram желісіндегі жазбасында Рахмоновты «осы дивизионның соңғы басты қарсыласы» деп атады.
«Осы дивизионның соңғы басты қарсыласы — Шавкат Рахмонов!
UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде үшінші орында тұрған Майкл Моралес отандасымыз Шавкат Рахмоновпен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді», — делінген команда жариялаған жазбада.
Жеңіліп көрмеген эквадорлық файтер өз әлеуметтік желілерінде видеоүндеу жариялап, егер бұл салмақтағы қазіргі чемпион Ислам Махачев Карлос Пратеспен жекпе-жекті таңдаса, онда оның 2027 жылға дайын жоспары бар екенін айтты.
Моралес Рахмоновты құрметпен атап, оны «осы дивизионның соңғы басты қарсыласы» деп сипаттады. Осылайша, қазақстандық спортшы мен эквадорлық нокаутер арасындағы ықтимал кездесу туралы әңгіме қайта қыза түсті.