Владимир Смирнов шаңғы спортындағы әлемдік тарихтың үздік ондығына енді
Қазақстандық шаңғышы Владимир Смирнов әлем кубогы кезеңдеріндегі подиум саны бойынша тарихи рейтингте алтыншы орын алды. Халықаралық шаңғы федерациясы жариялаған тізімде оның еншісінде 66 мәрте жүлдеге көтерілу бар.
Қазақстандық шаңғышы Владимир Смирнов әлем кубогы кезеңдеріндегі подиум саны бойынша тарихи рейтингте алтыншы орынға көтерілді.
Халықаралық шаңғы федерациясы жариялаған статистикаға сәйкес, Смирновтың қоржынында 66 подиум бар. Бұл көрсеткіш оны әлемнің ең үздік шаңғышылары қатарына қосты.
Рейтингтің көшін Норвегия өкілі Йоханнес Клебо бастап тұр — ол 142 рет жүлдегерлер тұғырына көтерілген. Екінші орында Петтер Нортуг (84), үшінші орында Бьёрн Дели (81).
Ал үздік ондықта Дарио Колонья (73), Мартин Сундбю (72), Александр Большунов (59), Федерико Пеллегрино (50), Гунде Сван (46) және Сергей Устюгов (46) бар.
Владимир Смирнов 1994 жылғы 27 ақпанда Лиллехаммердегі қысқы Олимпиадада классикалық мәнердегі 50 шақырымдық жарыста жеңіске жетіп, Олимпиада чемпионы атанған еді. Сол алтын медаль тәуелсіз Қазақстан тарихындағы қысқы Олимпиада ойындарындағы тұңғыш алтын болып қалды.