Исраэль Адесанья Шара Буллетпен UFC турнирінде жұдырықтасуы мүмкін
Жаңа Зеландия атынан өнер көрсететін Исраэль Адесанья мен ресейлік Шарабутдин Магомедовтың кездесуі қарастырылып жатыр. Жекпе-жек 28 қарашада Сауд Арабиясындағы UFC турниріне жоспарлануы мүмкін.
Жаңа Зеландия атынан шығатын, нигериялық текті бұрынғы UFC чемпионы Исраэль Адесанья (24–6) ресейлік Шарабутдин Магомедовпен, яғни Шара Буллетпен, кездесуі ықтимал.
Екі спортшының жекпе-жегі 28 қарашада Сауд Арабиясында өтетін UFC турниріне дайындалып жатыр деген ақпарат тарады. Бұл туралы әлеуметтік желідегі Kevin есімді инсайдердің жазбасы айтылған.
«Исраэль Адесанья мен Шара Магомедовтың жекпе-жегі 28 қарашада Сауд Арабиясында өтетін UFC турниріне дайындалып жатыр»
Дегенмен, әзірге бұл ресми түрде жарияланған кездесу емес, тек әзірленіп жатқан жекпе-жек ретінде айтылып отыр.
Адесанья соңғы айқасын 28 наурызда Сиэтлде өткізіп, америкалық Джо Пайферге екінші раундта техникалық нокаутпен есе жіберген. Ал Шара Буллет 27 маусымда Бакудегі UFC турнирінде бразилиялық Мишель Перейраны төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.