Хоккей

Александр Овечкин НХЛ-дегі соңғы маусымын жариялады

«Вашингтон Кэпиталздың» капитаны Александр Овечкин 2026/27 маусымы оның Ұлттық хоккей лигасындағы соңғысы болатынын әріптестеріне айтты. Хоккейші бұл шешімді командадағы ойыншыларға өзі жеткізгенін мәлімдеді.

«Вашингтон Кэпиталздың» капитаны әрі ресейлік шабуылшы Александр Овечкин 2026/27 маусымы оның Ұлттық хоккей лигасындағы соңғысы болатынын командаластарына хабарлады.

Клуб таратқан видеода әуелі бапкер сөз сөйлеп, Овечкинді команда алдына шақырады. Содан кейін хоккейші әріптестеріне алдағы маусымнан кейін мансабын аяқтайтынын жеткізді.

«Жігіттер, бұл менің соңғы жылым болады. Бұған мен қазірдің өзінде әбден сенімдімін. Мұны ең алдымен өздерің білулеріңді мен үшін де, отбасым үшін де өте маңызды деп санаймын. Иә, бұл мұңды сәт, бірақ бәрі солай.
Биыл бізде керемет команда бар, алдымызда әлі 82 матч тұр. Плей-оффқа шығып, әр сәттің қызығын көрейік, өйткені уақыт зымырап өтеді. Бірінші маусымын өткізіп жатқан жас ойыншылар да, тәжірибелі хоккейшілер де осы сәттерді есте сақтап, ләззат алсын. Уақыттың қалай өте шығатынын өздерің де көріп отырсыңдар.
Кеше ғана осында алғашқы маусымымды өткізіп жүргендей едім, ал қазір бұл менің 22-маусымым болып отыр. Бәрі өте тез өтіп жатыр. Иә, бұл қиын. Бірақ осыны бірге сезініп, биыл бірдеңе ерекше жасайық, жарай ма?»

Овечкин «Вашингтон» сапындағы дебютін 2005/06 маусымында жасаған. 2018 жылы ол клубқа тарихтағы алғашқы Стэнли кубогын алып келді.