Қазақстан су добы құрамасы Азиада-2026 финалында күміс алды
Қазақстанның ерлерден құралған су добы құрамасы Азиада-2026 финалында Жапонияға жол берді. Қорытынды есеп — 7:24, ал ұлттық құрама күміс медальға ие болды.
Қазақстанның ерлер су добы құрамасы Азиада-2026 ойындарында финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде Жапониямен ойнады.
Алайда алтын үшін өткен матчта жапондар басым түсіп, 24:7 есебімен жеңіске жетті. Кездесу бөлімдері 5:0, 8:2, 5:2, 6:3 нәтижесімен аяқталды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Азиада-2026 додасын күміс жүлдемен түйіндеді.
Айта кетейік, жартылай финалда Қазақстан су добышылары Қытайдан 11:10 есебімен басым түссе, ширек финалда Оңтүстік Кореяны 18:14 есебімен жеңген еді.
Бұл нәтижеден кейін Қазақстанның Азиададағы медаль қоржыны 12 алтын, 24 күміс және 46 қола медальға жетті.