Жаңалықтар

Тамирлан Тлеулес Азиада-2026 чемпионы атанды

Қазақстандық таэквондошы Тамирлан Тлеулес Жапонияда өтіп жатқан Азиада-2026 жарысында алтын медаль жеңіп алды. Ол финалда филиппиндік қарсыласын ұтып, ел қоржынына 12-алтынды салды.

Қазақстандық таэквондошы Тамирлан Тлеулес Жапонияда өтіп жатқан Азиада-2026 жарысында чемпион атанды.

58 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен спортшы финалда филиппиндік Курт Брайан Барбосаны 2:0 есебімен жеңді. Жекпе-жектің есебі 16:14 және 15:2 болды.

Осылайша, Тлеулес Қазақстан құрамасына Азиададағы 12-алтынды әкелді. Бұған дейін ол жартылай финалда оңтүстіккореялық Ан Хянсикті 2:1 есебімен, ал ширек финалда ирандық Абольфазль Зандиагуриді жеңген еді.

Қазіргі таңда Қазақстанның қоржынында 12 алтын, 20 күміс және 43 қола медаль бар. Ойындардың жабылу рәсімі 4 қазанда өтеді.