Күрес

Шамиль Ожаев Азиада-2026-нің қола медалі үшін күресте жеңілді

Аичи мен Нагояда өтіп жатқан Азиат ойындарында қазақстандық грек-рим күресі шебері Шамиль Ожаев қола медаль үшін белдесті. Алайда ол өзбекстандық Жалғасбай Бердімұратовтан 1:9 есебімен ұтылып, жүлдесіз қалды.

Аичи мен Нагояда өтіп жатқан Азиат ойындарында қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Шамиль Ожаев қола медаль үшін бозкілемге шықты.

87 келіге дейінгі салмақта өткен белдесуде ол Өзбекстан өкілі Жалғасбай Бердімұратовқа қарсы күресті. Нәтижесінде қарсыласы 9:1 есебімен басым түсті.

Осылайша, Шамиль Ожаев жарысты жүлдесіз аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін 67 келіге дейінгі салмақта Мейржан Шермаханбет қола медаль жеңіп алған еді.