Иран басылымы Махмуд Сабырханға есе жіберген боксшысы туралы жазды
Иранның Mehr News басылымы Азия ойындарында қазақстандық Махмуд Сабырханнан жеңілген Мехди Каземидің өнеріне тоқталды. Айқаста Сабырхан төрешілердің бірауызды шешімімен басым түсті.
Иранның Mehr News басылымы Азия ойындарында қазақстандық боксшы Махмуд Сабырханға есе жіберген Мехди Каземи туралы мақала жариялады.
Материал «Әлем чемпионы Иран өкілінің жарыстан шығып қалуына себеп болды» деген тақырыппен берілген.
Басылымның жазуынша, 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Мехди Каземи 1/8 финалда Махмуд Сабырханмен кездесті. Ирандық спортшы бұл жекпе-жекте жеңіліп, жарысты аяқтады.
Mehr News Сабырханды әлемдік рейтингтің бірінші нөмірі әрі әлем және Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы деп атап өтті. Қазақстандық боксшы кездесуді төрешілердің бірауызды шешімімен өз пайдасына аяқтады.
Жекпе-жектің екінші және үшінші раундтарында Махмуд Сабырхан Каземиді екі рет тік тұрып нокдаунға жіберді.