Жаңалықтар

Дмитрий Холмогоров Азиада-2026-де қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық байдаркашы Дмитрий Холмогоров Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азиат ойындарында жүлдегер атанды. Ол 500 метрге байдарка-одиночка жарысының финалында үшінші нәтиже көрсетті.

Қазақстандық байдаркашы Дмитрий Холмогоров Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азиат ойындарында қола медаль алды. Ол 500 метрге байдарка-одиночка жарысының финалында мәреге үшінші болып жетті.

Шешуші жарыста Холмогоров қашықтықты 1 минут 44,453 секундта еңсерді.

Бұл жарыста бірінші орынды өзбекстандық Шахриёр Махкамов иеленді — 1:43.642. Екінші сатыға кореялық Джан Сан Вон көтерілді, оның уақыты — 1:44.433.

Айта кетейік, бұған дейін Стелла Суханова да 500 метрге байдарка-одиночка сайысында үшінші орын алған болатын.