Жаңалықтар

Стелла Суханова Азиада-2026-дағы екінші қола медалін иеленді

Қазақстандық ескекші Стелла Суханова Аичи-Нагоядағы XX жазғы Азия ойындарында байдаркада 500 метрге жекелей жарыста қола медаль алды. Спортшы бұдан кейін өз нәтижесіне көңілі толмағанын айтып, алдағы уақытта қателіктермен жұмыс істейтінін жеткізді.

Қазақстандық ескекші Стелла Суханова Аичи-Нагоядағы XX жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды. Ол байдарка-одиночкада 500 метр қашықтықтағы финалдық жарыста үшінші нәтиже көрсетті.

Жарыстан кейін Суханова өз өнеріне жоғары баға беруден аулақ болып, бұдан да жақсы нәтиже күткенін айтты.

«Хотелось, конечно, лучшего результата — всегда ждешь от себя большего. Будем дальше стараться, прорабатывать детали и учиться, это спорт. Дождь, в принципе, не мешает. Ориентировалась сегодня только на себя, но немного не получилось.
Мне кажется, нужно больше работать психологически: не бояться и справляться с давлением, потому что когда на тебя смотрит столько глаз, становится тяжело и ты невольно зажимаешься», — деді Стелла Суханова.

23 жастағы спортшы үшін бұл Азиададағы екінші жүлде. Бұған дейін ол Қазақстанның төрттігі сапында 500 метрлік қашықтықта қола медаль алған еді.