Андрей Буяльский Польша чемпионатында хет-трик жасап, 5 ұпай жинады
Қазақстандық шабуылшы Андрей Буяльский Польша чемпионатындағы сырт алаңдағы матчта көзге түсіп, командасының 12:2 есебімен ірі жеңіске жетуіне үлес қосты. Ол хет-трик жасап, тағы екі нәтижелі пас берді.
Қазақстандық шабуылшы Андрей Буяльский Польша чемпионатындағы сырт алаңдағы ойында ерекше көзге түсіп, бес нәтижелі әрекет жасады. Ол ММКС пен «Бытом» арасындағы кездесуде хет-трик авторы атанып, екі голдық пас берді.
Матч қонақтардың 12:2 есебіндегі ірі жеңісімен аяқталды. Буяльский команданың ең жарқын ойыншыларының бірі болды.
Осылайша, маусымдағы бес ойында Буяльский 10 ұпай жинады: 5 шайба соғып, 5 нәтижелі пас берді. Бұл көрсеткіш оған Польша чемпионатындағы үздік бомбардирлер тізімінде екінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді.
«Бытом» осы жеңістен кейін 12 ұпайға жетіп, турнир кестесінде екінші орынға жайғасты. Команда келесі матчын 27 қыркүйекте өз алаңында краковалық «Краковияға» қарсы өткізеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 20:00-де басталады.