Айбек Оралбай Азиада-2026 ширек финалында қырғыз боксшысымен кездеседі
Қазақстан бокс құрамасының капитаны Айбек Оралбай Азиада-2026 жарысындағы алғашқы қарсыласын білді. Ол ширек финалда қырғызстандық Мырзакир Кошалиевпен жұдырықтасады.
Қазақстан бокс құрамасының капитаны Айбек Оралбай Азиада-2026 турниріндегі алғашқы қарсыласын білді. Жарыс Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатыр.
Оралбайдың келесі қарсыласы — қырғызстандық Мырзакир Кошалиев. Ол 1/8 финалда түрікменстандық Довлет Исламовты төрешілердің бөлінген шешімімен 3:2 есебімен жеңді.
Осылайша, Айбек Оралбай мен Мырзакир Кошалиев ширек финалда жолығады. Бұл кездесудің жеңімпазы Азиада жүлдесіне кепілдік алады.
Айта кетейік, бүгін, 25 қыркүйекте Назым Қызайбай (54 кг) мен Оразбек Асылкулов (60 кг) да шаршы алаңға шығады.