«Аят» «Тулпарды» 5:1 есебімен ұтып, турнир кестесінде көш бастады
Қазақстан чемпионатының төртінші турында рудныйлық «Аят» қарағандылық «Тулпарды» 5:1 есебімен жеңді. Осы нәтижеден кейін «Аят» 10 ұпаймен турнир кестесінің бірінші сатысына көтерілді.
Қазақстан чемпионатының футзалдан төртінші турында рудныйлық «Аят» қарағандылық «Тулпарды» 5:1 есебімен ойсырата жеңді.
Кездесудің алғашқы бөлігінде «Аяттан» Ерсултан Сағындықов, ал «Тулпардан» Даулет Затыбеков гол соғып, есеп теңесті.
Алайда екінші таймда Иван Марахов, Кайо Адрио, Жеже және Лукас қонақтарға айқын басымдық әкеліп, матч тағдырын шешті.
Осы жеңістен кейін «Аят» 10 ұпаймен чемпионат кестесінде көш бастады. «Тулпардың» еншісінде 4 ұпай бар, команда жетінші орында тұр.
26 қыркүйекте Рудныйда «Аят» «Шымкентті» қабылдайды. Ал қарағандылық ұжым сырт алаңда «Астанамен» кездеседі.