Қазақстанның әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасында қатарынан бесінші жеңіске жетті
Қазақстанның әйелдер құрамасы Самарқандта өтіп жатқан 46-шы әлемдік шахмат Олимпиадасында бесінші турда Германияны ұтты. Осылайша, команда турнирдегі барлық матчында жеңіске жетіп, үздік үштікке енді.
Қазақстанның әйелдер құрамасы Самарқандта (Өзбекстан) өтіп жатқан 46-шы әлемдік шахмат Олимпиадасында кезекті табысқа жетті.
Бесінші турда қазақстандық шахматшылар Германия құрамасын 2,5:1,5 есебімен жеңді. Командаға шешуші ұпайды Меруерт Камалиденова әкелді: ол Ханна Мари Клекті тізе бүктірді.
Бибісара Асаубаева мен Динара Вагнер, Алуа Нұрман мен Элизабет Петц, Елназ Қалиахмет пен Яна Шнайдер арасындағы партиялар тең нәтижемен аяқталды.
Осы жеңістен кейін Қазақстанның әйелдер құрамасы бес турдың бәрінде де ұтып, 100 пайыздық көрсеткішке қол жеткізді. Қазір команда турнир кестесінде үшінші орында тұр.
Алғашқы екі сатыда Польша мен Қытай құрамалары орналасқан.