Рината Сұлтанова Азия ойындарындағы жеңісінен кейін пікір білдірді
Қазақстан велоспортының өкілі Рината Сұлтанова Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өткен Азия ойындарындағы жеңісінен соң әсерімен бөлісті. Ол бұл алтын медальді отбасына және еліне арнады.
Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіске жеткеннен кейін өз ойын айтты.
«Жарыс, әрине, оңай болған жоқ. Бұл мен үшін де, елім үшін де өте маңызды сайыс. Бірінші және екінші айналымда қарқынымды бірқалыпты ұстап, өзімді жақсы сезіндім. Ал соңғы айналымда бар күшімді салдым», — деді Сұлтанова.
Спортшының айтуынша, жарыс алдындағы басты үміткерлердің бірі ретінде өзіне жоғары талап қойылған. Бұған дейін ол жыл басында Азия чемпионатында топ жарған болатын.
Сұлтанова трассаның да күрделі болғанын атап өтті. Оның сөзінше, кей тұстары техникалық тұрғыдан қиын болған: өрлер мен еңістер көп кездесіп, рульдегі қолдың орнын жиі ауыстыруға және берілісті өзгертуге тура келген.
«Екі күннен кейін топтық жарыс өтеді. Онда да барымызды салуға тырысамыз. Бұл медальді жолдасыма, ұлыма және туған еліме арнаймын. Маған жанкүйер болып, қолдау көрсеткендердің бәріне рақмет», — деді ол.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы жеке сайыстағы жекелей стартта алтын медаль жеңіп алды.