Кіші теннис

Қазақстанның үстел теннисі құрамасы Азия ойындарында Сингапурды жеңді

Қазақстанның ерлер құрамасы Аичи мен Нагоядағы Азия ойындарында топтық кезеңдегі екінші матчында Сингапурмен ойнап, 3:1 есебімен басым түсті. Бұған дейін қазақстандықтар Бангладешті де ұтқан еді.

Қазақстанның ерлер құрамасы Азия ойындарындағы топтық кезеңде екінші кездесуін өткізіп, Сингапур құрамасын 3:1 есебімен жеңді.

Аичи мен Нагояда өтіп жатқан командалық турнирде Қазақстан бұған дейін Бангладештен басым түсіп, қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді.

Қазір ұлттық құрама G тобында сынға түсіп жатыр. Бұл топта Сингапур, Бангладеш және Лаос командалары да бар.

Қазақстандықтар топтық кезеңдегі соңғы матчтарын 21 қыркүйекте Лаосқа қарсы өткізеді. Сол күні Сингапур мен Бангладеш құрамалары да өзара кездеседі.

Осы айналымның қорытындысы бойынша командалық турнирдің келесі кезеңіне өтетін құрамалар анықталады.