Хоккей

«Барыс» ҚХЛ көшбасшысын сырт алаңда 5:0 есебімен ойсырата ұтты

Астаналық «Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында Ярославльде «Локомотивті» тас-талқан етті. Қонақтар бес шайба соғып, қақпасына бірде-бір гол жібермеді.

Астаналық «Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы сырт алаңдағы ойында ярославльдік «Локомотивті» 5:0 есебімен жеңді.

Кездесудің алғашқы кезеңінде-ақ қазақстандық клуб басымдықты өз қолына алды. Джейк Масси мен Логан Дэй мергендік танытып, бірінші үзіліске дейін есепті 0:2-ге жеткізді.

Екінші кезеңде Джастин Бэйли мен Ансар Шайхмедденов тағы екі шайба соқты. Ал үшінші кезеңде Семён Симонов қорытынды нүктені қойды.

Осылайша, Михаил Кравецтің командасы ҚХЛ көшбасшысының қақпасын нөлге сақтап, 0:5 есебімен ірі жеңіске жетті.

Бұл матчта «Локомотив» сапында Мельничук ойынды бастады, кейін оның орнын Исаев алмастырды. Ал «Барыс» келесі кездесуін 22 қыркүйекте Мәскеудің «Динамосына» қарсы өткізеді.