Жаңалықтар

Қазақстан шахматшылары Жапонияны ірі есеппен ұтты

Самарқандта өтіп жатқан 2026 жылғы әлемдік шахмат олимпиадасының төртінші турында Қазақстан ерлер құрамасы Жапонияны 3,5:0,5 есебімен жеңді. Бұған дейінгі турда қазақстандықтар Франциядан ұтылған еді.

Самарқандта өтіп жатқан 2026 жылғы әлемдік шахмат олимпиадасының төртінші турында Қазақстанның ерлер құрамасы Жапонияны ірі есеппен жеңді — 3,5:0,5.

Бірінші тақтада Денис Махнев қара фигуралармен халықаралық шебер Чан Тхань Туды ұтты. Сондай-ақ Сауат Нұрғалиев пен Даниял Сапенов өз партияларында жеңіске жетті.

Жандос Агманов ақ фигурамен Синъи Кодзимамен тең түсті. Осылайша, Қазақстан құрамасы төртінші турда сенімді жеңіске жетіп, кездесуді 3,5:0,5 есебімен аяқтады.

Бұған дейін, үшінші турда қазақстандықтар Франциядан 0,5:3,5 есебімен жеңілген болатын. Ол кездесуде жалғыз жарты ұпайды Денис Махнев Максим Вашье-Лагравпен тең ойнап алды.

Турнирді Қазақстан құрамасы сәтті бастаған еді: алғашқы турда Гаитиді 4:0 есебімен, ал екінші турда Нигерияны 3,5:0,5 есебімен ұтқан болатын.