Ресей Астанадағы әлем чемпионатына құрамды қашан анықтайтыны белгілі болды
Ресей күрес федерациясының басшысы Михаил Мамиашвили 2026 жылғы әлем чемпионатына құрам қашан жасақталатынын айтты. Байрақты бәсеке қазанның соңында Астанада өтеді.
Ресей күрес федерациясының басшысы Михаил Мамиашвили 2026 жылғы әлем чемпионатына баратын құрам қашан бекітілетінін айтты.
Оның сөзінше, қазір оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр. Еркін күрес шеберлері Солтүстік Осетияда, ал грек-рим күресі балуандары Калининградта дайындалып жатыр.
«Әлем чемпионатына құрам екі апта бұрын анықталады. Бас бапкер мен бапкерлер құрамы шешім шығарады. Алда еркін күрестен бақылау схваткалары да өтеді. Бәрі жұмыс тәртібімен жүріп жатыр, бәрі дайындалып жатыр. Таңертең бас бапкер хабарласып, бәрі жақсы екенін айтты. Жиын қорытындысы бойынша құрам бекітіледі. Чемпионатқа дейін екі апта қалғанда құрам анықталады. Құдайға шүкір, виза керек емес, өйткені чемпионат достас мемлекетте өтеді. Жанкүйерлер көп барады», — деді Мамиашвили.
Күрес түрлерінен әлем чемпионаты Астанада 24 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді. Әлемнің ең мықты балуандары еркін, грек-рим және әйелдер күресі бойынша «Барыс Аренада» белдеседі.