Бокс

ПБС Нұрсұлтановтың Рамосқа қарсы жекпе-жек алдындағы бабын жоғары бағалады

Premier Boxing Champions қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың Хесус Рамос-младшийға қарсы айқас алдындағы дайындығына оң баға берді. Жекпе-жек 19 қыркүйекте Сан-Диегода өтеді.

Premier Boxing Champions (PBC) қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың Хесус Рамос-младшийға қарсы жекпе-жек алдындағы бабына жоғары баға берді.

Ұйымның Instagram парақшасында қазақстандық спортшының ашық жаттығуда ринг үстінде көлеңкемен жұмыс істеп тұрған сәті жарияланды. Жазбада Нұрсұлтановтың шешуші кездесу қарсаңында тамаша қалыпта екені айтылған.

«Рамостың уақытша титулын көздеді. Мейірім Нұрсұлтанов Хесус Рамос-младшиймен өтетін қосалқы басты жекпе-жек алдында керемет формада көрінеді!»

Нұрсұлтанов пен Рамостың айқасы 19 қыркүйекте АҚШ-тың Сан-Диего қаласындағы Pechanga Arena аренасында өтеді.

Бұл кездесуде WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. Егер Нұрсұлтанов жеңіске жетсе, ол ұйымның толық чемпионы, доминикандық Карлос Адамеске міндетті жекпе-жекке шығады.