Хесус Рамос Нурсұлтановпен жекпе-жек алдында титулдарды біріктіруді көздейтінін айтты
Мейірім Нұрсұлтановтың келесі қарсыласы Хесус Рамос-младший орта салмақтағы басты мақсаты титулдарды біріктіру екенін жеткізді. Ол 19 қыркүйекте Сан-Диегода уақытша WBC белбеуін қорғайды.
Казахстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың келесі қарсыласы Хесус Рамос-младший орта салмақтағы барлық белбеуді біріктіруді мақсат етіп отырғанын айтты.
Рамостың қолында қазір орта салмақтағы WBC-дің уақытша титулы бар. Ол бұл белбеуді 19 қыркүйекте Сан-Диегода Нұрсұлтановқа қарсы жекпе-жекте қорғайды.
«Көп нәрсе барлық қырынан өзгерді. Мен басты белбеу мен титулдарды біріктіруге деген назарымды жоғалтқан жоқпын. Бір белбеудің өзі көп нәрсе, ол мен үшін аса маңызды. Бірақ шын чемпиондық белбеу қолға тигенде, бәрін біріктіріп, 160 фунтқа дейінгі дивизиондағы барлық белбеуді жинасам, тіпті одан да қымбат болады. Қолымдағыға қанағат етпеймін, бірақ оған ризамын. Жасым сәл ұлғайды, сондықтан тәжірибем де өзгерді», — деді Рамос.
Бұл айқастағы жеңімпаз толыққанды WBC чемпионы, доминикандық Карлос Адамеспен жұдырықтасуға мүмкіндік алады. Рамос алдағы кездесуден кейін мансабындағы келесі үлкен қадам дәл сол жекпе-жек болатынын меңзеді.