weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:20 / SportRoom / Күрес 14
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бекжан Бакиров Ташкенттегі IBA Nomad турнирінде титул үшін қайта жұдырықтасады

Қазақстандық ММА шебері Бекжан Бакиров Ташкентте өтетін IBA Nomad 16 турнирінде ресейлік Мурат Халидовпен кездеседі. Бұл жекпе-жек ауыр салмақтағы чемпиондық белдік үшін өтетін реванш болмақ.

Бекжан Бакиров Ташкенттегі IBA Nomad турнирінде титул үшін қайта жұдырықтасады Бекжан Бакиров Ташкенттегі IBA Nomad турнирінде титул үшін қайта жұдырықтасады
Sports.kz

Қазақстандық ММА жауынгері Бекжан Бакиров 17 қазанда Ташкентте өтетін IBA Nomad 16 турнирінде ресейлік Мурат Халидовпен титул үшін айқасады.

Мурат «Чемпион» Халидов пен Бекжан «Аю» Бакиров арасындағы бұл жекпе-жек ауыр салмақтағы чемпиондық белдікке талас болмақ. Ұйым бұл кездесуді көптен күткен реванш деп атап, шешуші айқаста бәрі анықталатынын хабарлады.

Екі спортшы бұған дейін NOMAD 12 турнирінде кездескен. Ол кезде Мурат Халидов төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді. Енді Бекжан Бакиров сол сәттің есесін қайтаруға ниетті.

Мурат Халидов өз кезегінде чемпион атағын қорғап қалуға дайын екенін мәлімдеді. Турнир алғаш рет Өзбекстан астанасындағы «Humo Arena» кешенінде өтпек.

Қазіргі таңда IBA Nomad 16 турнирінің толық кард құрамы әлі жасақталып жатыр. Дегенмен, бұған дейін экс-UFC жауынгері қазақстандық Жалғас Жұмағұловтың қатысуы ресми расталып, қазақстандық Муратбек Қасымбай мен ресейлік Магомед Зайналов арасындағы полусредний салмақтағы кездесу де жарияланған.

.

Көп оқылды:

.
.