weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Үлкен теннис 16
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Кафельников Рыбакинаның WTA рейтингіндегі 1-орнын толық құптады

Евгений Кафельников қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның WTA рейтингінде көш бастауын әбден лайықты нәтиже деп бағалады. Ол Рыбакинаның биылғы маусымдағы екі «Үлкен дулыға» турниріндегі жеңістерін ерекше атап өтті.

Кафельников Рыбакинаның WTA рейтингіндегі 1-орнын толық құптады Кафельников Рыбакинаның WTA рейтингіндегі 1-орнын толық құптады
Sports.kz

Бұрынғы әлемнің бірінші ракеткасы, Олимпиада чемпионы Евгений Кафельников Қазақстан өкілі Елена Рыбакинаның WTA рейтингіндегі бірінші орны толықтай әділ екенін айтты.

Кафельников Рыбакинаның 2026 жылғы маусымдағы нәтижелеріне тоқталып, оның екі бірдей «Үлкен дулыға» турнирін ұтқанын ерекше атап өтті. Қазақстандық теннисші алдымен Australian Open-де, кейін US Open-де топ жарды.

«Бір жылда екі «Үлкен дулыға» турнирін ұту да — бұл әбден заслужено. Ал бірінші орынға лайық емес деп айту мүлде орынсыз. Бәрі орнымен, бәрі анық: нәтижелердің өзі-ақ бәрін көрсетіп тұр, сондықтан ол дәл қазір өзі тұрған орынға толық лайық», — деді Кафельников First&Red YouTube-арнасындағы «Хардкорд» бағдарламасында.

US Open Рыбакина үшін мансабындағы «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші атақ болды. Бұған дейін ол 2022 жылғы Уимблдонда және 2026 жылғы Australian Open-де чемпион атанған.

АҚШ ашық чемпионатының финалында қазақстандық теннисші Беларусь өкілі Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді.

.

Көп оқылды:

.
.