Америкалық саяси шолушы әрі журналист Джули Келли US Open-2026 турнирінде жеңіске жеткеннен кейін қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның ойыны мен стиліне жоғары баға берді.
Келли Рыбакинаның алаңдағы және алаңнан тыс мінезін ерекше атап өтіп, кейбір спортшылардың үнемі назар ортасында болуға ұмтылысынан оны бөлек қойды. Оның сөзінше, Рыбакина әйелдер теннисіне «таза ауаның лебіндей» әсер етеді.
«Елена Рыбакина — әйелдер теннисіндегі таза ауаның лебі. Қымбат костюм де жоқ, көзге түсу де жоқ, корттағы артық қылықтар да жоқ, корт сыртындағы көп сөз де жоқ, саясат та жоқ, өзін жарнамалайтын қосымша жобалар да жоқ. Ол тек өз ойынына шоғырланып, қарсыластарын ұялғандай жымиып тұрып жүйелі түрде жеңеді. US Open-дегі әділ жеңіс және әлемнің бірінші ракеткасы атағы», — деп жазды Келли.
Нью-Йорктегі жеңіс Рыбакина үшін «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші титул болды. Финалда ол Арina Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен ұтты.
Осы табыстан кейін Рыбакина алғаш рет WTA рейтингінің көшін бастады әрі әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілген Қазақстанның алғашқы өкілі атанды. Бұған дейін ол 2022 жылы Уимблдонда, ал 2026 жылы Australian Open турнирінде чемпион болған еді.